Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

9  сынып оқышыларына аттестат табысталуы туралы

9 маусымда ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№9 орта мектебі" КММ тоғызыншы сынып оқышыларына аттестат берілді. Әрбір тоғызыншы сынып оқушысының өміріндегі ұмытылмас, қызықты сәт – негізгі орта білім туралы аттестаттың алғашқы құжатын алу. Білім туралы алғашқы құжатты  9-сыныптың 72 оқушысы, оның 5-і үздік аттестат алды.

Мектеп директоры Е.П.Мартыневскаяның, ұстаздардың, ата-аналардың құттықтауларына жауап ретінде, мектеп бітіруші түлектер би номерін ұсынып, қоштасу әндерін шырқады. Алаңсыз балалық шақ, мектептегі еркелік, шулы өзгерістер артта қалды, ал таңдау алдында – оныншы сынып немесе кәсіптік білім.

Бүгін тоғызыншы сынып оқушылары болашақ жолды таңдауда көптеген жылы қоштасу сөздерін естіді. Әсіресе, сынып жетекшілеріне балаларымен қоштасу қиынға соқты. Олардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының лайықты азаматтарын тәрбиелеуге көп күш жұмсады. Олар жүректерінің бір бөлігін балаларына берді.