Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат тапсыру рәсімі

2022 жылдың 16 маусым күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №20 орта мектепті бітіруші түлектерге арналған «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Өскемен қаласының әкімі - Омар Жақсылық Мұқашұлы арнайы келіп қатысып,  ыстық лебізін білдіріп, мектеп бітіруші түлектерге жалпы білім беру туралы аттестат табыстады.

Ахмет Байтұрсынұлының «Ғылым мен өнер елсізді – елдіге, жоқты – барға теңгереді», - дегеніндей бүгінгі түлектеріміздің де болашақта жастар қоғамының бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын  азаматтар болатынына сенімдеміз.