Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Көкшетау қаласындағы «Жас құтқарушы-2022» Республикалық слетіне қатысу туралы

27 маусым мен 01 шілде аралығында Көкшетау қаласында ҚР Азаматтық Қорғау академиясының базасында «Жас құтқарушы 2022» ІІІ республикалық слеті өтті. ШҚО атынан Өскемен қаласының № 49 мектебінің Жас құтқарушылар жасағынан 8 бала қатысты. Слет республиканың барлық облыстары мен қалаларынан 17 команда құрамында 200-ден астам қатысушыларды біріктірді.

Жарыс барысында қатысушылар  «Визит карточкасы», «Қабырға газеті», «Өрт эстафетасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Техногендік апат аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары», «Іздестіру-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» сияқты жеті күрделі кезеңнен өтті.  Барлық командалар жеңіске жетті. Кезеңдердегі күрес бірнеше секундқа созылды. Нәтижесінде біздің балалар жалпы командалық есепте 10-орынға ие болды.

Іс-шараның басты мақсаты өскелең ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жан-жақты дамыту және дайындау, сондай-ақ төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау дағдыларын алу және жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар, іс-шара кәсіби бағдар берді. Іс жүзінде барлық жасөспірімдер ҚР Азаматтық қорғау академиясымен танысып, өздеріне осы беделді оқу орнына түсу мақсатын қойды.