Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қағаз оригами» тақырыбында шеберлік сыныбы

9 тамыз күні сағат 11.00-де «Жұлдыз» балалар өнер мектебінде «Фом-Арт» сәнді-қолданбалы өнер студиясы оқушыларымен «Қағаз оригами» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Оқушылар жапондық «оригами» өнерімен танысты. Олар оригамидің қысқаша тарихымен танысып,қағаздан қарапайым күлкілі мүсіндер жасады.Оригами табандылыққа, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамға тәрбиелейді. Сынып шебері мазмұнды әрі қызықты өтті.