Абай күні іс-шарасы
10 тамыз 2022 жылы қаланың орталық алаңында орналасқан Абай ескерткішінің алдында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі Абай күні іс - шарасы өтті. Шараға барлығы 30 жас маман қатысты.
Мақсаты: Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, жас мамандардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс - шараға қатысушылар Абай өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айтып, әндерін орындады. № 10, 12, 15, 27 мектеп мұғалімдері Абай өлеңдерін 3 - 4 тілде оқыды (қазақ, орыс, ағылшын, неміс).



