Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Мектепке жол" акциясы

Жаңа 2022- 2023 оқу жылының басталуына орай 05.08.2022 ж күні "#48 мектеп- қосымша білім беру орталығы" КММ- де республикалық "Мектепке жол" акциясы жалғасын тапты. Акция аясында мектебіміздің атаулы әлеуметтік көмек алатын азқамтылған және көпбалалы отбасы балаларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары табысталды. Мектеп директоры Мажинова Чинар Тылегеновна оқушылар мен ата - аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өз сөзінде Мемлекет басшысының жарлығымен 2022 жыл - "Балалар жылы" деп аталғандығын, өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінетіндігін атап айтты. Жалпыға бірдей міндетті білім беруді арттырудың маңызына тоқталып, жылы лебізін білдірді. 10 мектеп сөмкесі мен оқу құралдарына демеушілік көрсеткен "Сей - Нар" өндірістік кешені ЖШС зор алғысымызды білдіреміз!
#дорогавшколу #мекптепкежол2022