Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Құқық бұзушылықтың алдын алу" жалпы мектептік ата-аналар конференциясы

20.09.22 жылы  "12 мектеп-гимназиясы" КММ-де  "Құқық бұзушылықтың алдын алу" жалпы мектептік ата-аналар конференциясы өтті.

Үлбі полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны Ақниет Арманқызы Токенова құқық бұзушылықтар туралы және ата-аналар мен балалардың жауапкершілігі туралы түсіндірме берді.

Шәріпбаева Айгерім Оразова, № 1 емхананың дәрігер-терапевті, мектеп оқушыларының жыныстық қолсұғылмаушылығы және ерте жүктілігі туралы әңгіме жүргізді.

Мектеп директоры Ананишникова Ольга Викторовна 2022-2023 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтты.

Директордың орынбасары Исакина Элина Сергеевна 2021-2022 оқу жылының жетістіктері туралы айтып берді.

#school12uka