Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Спорт және денсаулық фестивалі-2022»

2022 жылдың 16 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Лев Гумилев атындағы № 38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде Қазақстандағы балалар жылына арналған  «Спорт және денсаулық фестивалі-2022» өткізілді.

Фестивальге 2-11 сынып оқушылары, педагог ұжымы,  ата-аналар  және  «Бекініс» атты   спорттық  клубының  қонақтары  мен жетекшісі  К.В. Тюнин       белсене   қатысты.

Спорттық мерекеге қатысушылар футбол, волейбол, пионербол, көңілді старттар, атыс, баскетбол және лазерлік тактикалық ойындарда өз күштерін сынап көрді

«Спорт және денсаулық фестивалі-2022»  көңілді және  белсенді түрде  өтті. Қатысушылар командада жұмыс  істеу  дағдыларын  және   күшті  спорттық дағдыларын  көрсетті. Қатысқан барлық  командалар құрмет мадақтамаларымен марапатталды.

Аталған жарыс  спорттың, денсаулық пен жастық шақтың  нағыз мерекесіне айналды.