Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Мухтардың өзі де үлгі, өмірі де...."

Биыл күллі қазақ қалқының  маңдайына біткен  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы.
Жазушының азған туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып құйылып, адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.
Жазушының мерейтойына орай
29 қыркүйекте “Жұлдыз” балалар өнер мектебінің" аспаптар  сыныбының оқушылары қалалық Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға барды.
Кітапханада оқушылар жазушының   өмірі мен шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар  Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға келген балаларға Оралхан туралы айтпау әбестік болар еді.
Оқушылар қос жазушы туралы білімдерін толықтырып қана қоймай, өз білгендерімен жарыса бөлісті.