«Үздік мектепке дейінгі ұйым» байқауы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік мектепке дейінгі ұйым-2022» республикалық байқаудың қалалық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің үздік үлгілерін анықтау және жариялау, мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарын қолдау және ынталандыру.
Байқауға қатысушылардың материалдары ұсынылған сайттың белсенді мекенжайындағы «Үздік мектепке дейінгі ұйым – 2022» атауымен құрылған келесі айдарлардан тұратын қосымша парақшаны зерделеу арқылы бағаланды:
1. Үздік эргономикалық шешімдер.
2. «Ойын арқылы оқыту» - біздің тәжірибе.
3. «Орта –үшінші педагог».
4. Біздің балабақшаның инновациялық іс-әрекеті.
5. Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе.
6. Мерекелер және ойын-сауық.
7. Кері байланыс – өзгерістер тынысы (МДҰ даму жоспары).
Сайыстың Ережесіне сәйкес үздік тәжірибені, сайттың белсенділігін ескере отырып, комиссия келесі жүлделерді анықтады:
Бас жүлде – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Нашар көретін балаларға арналған № 14 мектеп-балабақша кешені» КММ;
1-орын – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сөулеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 62 балабақшасы» КММ;
2-орын – «РАС бар балаларға арналған «Страна чудес» арнайы мектеп-балабақшасы» ЖШС;
3-орын – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК; 3-орын – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 12 «Светлячок» балабақшасы» КМҚК;
Байқау жеңімпазы ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің көздері нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешені» КММ жұмыстары облыстық кезеңге жолдама алды.