Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мен жастарға сенемін...» қалалық Мағжан оқулары

«№ 35 орта мектебі» КММ  Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан ақынның 105 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін ...» атты қалалық сайыс ұйымдастырылды. Мағжан оқулары сайысы төрт кезеңнен тұрды.

1.«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» кезеңі - Мағжан өлеңдерін жатқа оқу сайысы.

2.«Ақын да бір бала ғой айға ұмытылғын» кезеңі - оқушылар өз шығармалары бағаланды.

3.«Толқынмен толқын сырласып...» кезеңі - Мағжан Жұмабаев шығармалары бойынша эссе жазу.

4.«Сахналық қойылым» кезеңі - Мағжан Жұмабаев шығармалары бойынша шағын сахналық қойылым.

Қала мектептерінің білімді, дарынды, өнерпаз оқушылары өз білімдерін, шеберліктерін  ортаға  салды.  Шараның ашылу салтанатында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері З.С.Скакова мен № 35 орта мектеп директоры А.М.Таймова сайысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушылар І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.