Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Шығыс самалы» атты шығармашылық жұмыстарының республикалық көрмесі

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімі түлектерінің «Шығыс самалы» атты шығармашылық жұмыстарының республикалық көрмесі Республиканың Тұңғыш Президенті кітапханасында 2022 жылдың 8 желтоқсанынан 2023 жылдың 30 қаңтары аралығында өтті. Бір жарым ай Астана тұрғындары мен қонақтары, білім беру мекемелерінің оқушылары көрмені тамашалады. 1 ақпанда көрме туған жері Өскемен қаласына оралды, қазір «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің көрме залын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жақында көрмені мектеп оқушылары, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.