Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

03.02.2023 жылы "Жұлдыз" балалар өнер мектебі " КМҚК оқушылар мен олардың ата-аналары үшін "Домбыра дастан" атты музыкалық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: жас музыканттардың орындаушылық деңгейін кеңейту, балаларға домбыра халық аспабы музыкасының ұлы күшін түсіндіру. Әр баланың қолындағы аспаптың даусы әр түрлі естіледі:біреуінде арманшыл келсе, енди біреуінде нық келеді. Н.Тілендиев, Дәулеткерей, И. Ысқақов және басқа да композиторлардың күйлері орындалды. Іс-шара соңында тәрбиеленушілерге сыйлықтар табысталды. Оқытушы Нұрлыбеков А.Н, Концертмейстер Норикова А.Я.