Семей облысы С.М. Киров атындағы ұжымшарының комсомол-жастар көлiк бригадасының бригадирi Нина Мирошниченкоға берілген майдандық тапсырма. 1944 жылғы тамыз айы.
Соғыс жылдарындағы майдан тапсырмалары армияны тылдан қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, өнімнің барынша мол жиналуын қамтамасыз етуге, азық-түлік пен шикізат дайындауға, жастарды екпінді еңбекке және сабақтас мамандықтарды игеруге жұмылдыруға, өздерінің еңбек майданында «жеңісті шыңдауға» бағытталды.