«Балалардың досы» қазақ қоғамының мүшелік билеті, 1929 ж.
«Балалардың досы» ерікті қоғамы 1924 жылы балалардың мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиялардың негізінде жергілікті Кеңестер жанынан құрылды. 1930 жылға дейін олар негізінен панасыздықпен күреспен айналысты. 1931 жылы Н.К.Крупская қоғамның жергілікті ұйымдарын Бүкілресейлік «Балалардың досы» қоғамына біріктіру туралы бастама көтерді. 1931 жылы қоғам съезі балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі ең өзекті міндеттерді белгіледі. БОАК Төралқасы бекiткен Жарғыда жалпыға бiрдей оқу үшiн күреске, балалардың қараусыз қалуын жоюға, бала бақшаларды, бөбекжайларды, мәдени-тұрмыстық мекемелердi ұйымдастыруға қоғамның қатысуы көзделген. 30-жылдардың ортасында "Балалардың досы" қоғамының 1,8 миллион мүшесі болды. 1935 жылы қоғам өз қызметін тоқтатты.