Аягөз филиалында 2026 жыл – цифрландыру жылы аясында гиперсілтемелері бар электрондық қысқаша анықтамалықтың тұсаукесері өткізілді
2026 жылдың 21 қаңтарында Аягөз филиалында архив саласын цифрландыру және архивтік ақпараттың қолжетімділігін арттыру бағытында әзірленген гиперсілтемелері бар электрондық қысқаша анықтамалықтың таныстырылымы өтті.
Іс-шара 2026 жыл – цифрландыру жылы болып белгіленуіне орай архив мекемелерінің қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды еңгізудің маңыздылығын көрсетті. Электрондық анықтамалықты әзірлеу архив саласындағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыру жолындағы нақты қадамдарының бірі болып табылады.
Пайдаланушылар мен әріптестер үшін арнайы QR-код жасалынды, ол смартфоннан анықтамалыққа бірден өтуге мүмкіндік береді. Енді сілтемелерді қолмен еңгізудің немесе құжаттарды іздеудің қажеті жоқ – бар болғаны QR-кодты сканерлеу арқылы электронды нұсқаны бірден ашуға болады. Бұл тәсіл ақпаратқа қолжетімділікті арттырады және архив мамандары мен барлық қызығушылық танытқан пайдаланушылар үшін жұмысты жеңілдетеді.
Электрондық қысқаша анықтамалықта архив қорларының құрамы туралы жүйеленген мәліметтер қамтылған. Арнайы орнатылған гиперсілтемелері арқылы пайдаланушылар бөлімдер, қорлар арасында жылдам өтіп, қажетті құжаттарды іздеуді жеңілдетуге мүмкіндік алады.
Анықтамалықты әзірлеудің негізгі мақсаттары:
- Архив саласына цифрлық технологияларды еңгізу;
- Архивтік ақпараттың анықтығы мен қолжетімділігін арттыру;
- Зерттеушілерге, мемлекеттік органдарға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру;
- Архив қызметкерлерінің жұмыс үрдістерін оңтайландыру.
Таныстырылым барасында архивші Сатимбекова Ж.Б. электрондық анықтамалықтың мүмкіндіктерін, навигация тәртібін, гиперсілтемелерді пайдалану және QR-кодпен электрондық анықтамалыққа өту жолдарын көрсетті. Электрондық формат анықтамалықты үнемі толықтырып, жаңартып отыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Аягөз филиалы алдағы уақытта да электрондық архивтік ресурстарды дамытуға, құжаттық мұраны сақтау және пайдаланушыларға қолжетімді ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.