«Төзімділік – тұлға құндылықтарының құрамдас бөлігі» атты Үш күндік Көшбасшылар Мектебі
Қоғамдық өмір өрісінде әр түрлі тұлғаны жан-жақты дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Оқушылар шығармашылық сарайында көктемгі демалыс күндерінде 2018 жылдың 28 – 30 наурыз аралығында «Төзімділік – тұлға құндылықтарының құрамдас бөлігі» атты Үш күндік Көшбасшылар Мектебі өтті.
Қатысушыларға арнайы бағдарлама әзірленген, бағдарлама құрамына «Төзімділік – сәтті қарым-қатынас құру негізі», «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз», «Төзімді болу – әр адамның қасиеті», «Төзімділік планетасы» атты тренингтер және тағы басқа көптеген қызықты тапсырмалар, дискуссиялар, іскерлік ойындар, мастер-класстар кірді. Барлық тренингтер Көшбасшылардың ары қарай өз істерін табысты жүргізу ушін, жаңа білім алуға, бір-бірін түсініп, төзімділікпен қарауға ықпал етеді.
Үш күндік Көшбасшылар Мектебінің қатысушылары 8-10 сынып оқушылары болды. Бұл жастар мен балалар ұйымдарының және қала мектептерінің өзінді басқару ұжымдарының көшбасшылары. Барлық қатысушылар саны – адам.
- 3 күн бойы біз уақытты көңілді және қызықты өткіздік деп айтуға болады. Және де қатысушылардың көбі жаңа достар тауып, өзіне деген жаңа бағыттар ашып, өз қабілеттерін көрсете білді. Уақыт сезілмей өте шыққанын байқамай қалдық – деп «Гармония» тобының қатысушылар ой бөлісті. Және де біз осындай Үш күндік Көшбасшылар Мектебі бізде өткеніне өте ризамыз, келесі жылдағы іс-шараларды қуана күтеміз!
РҚБ «Жас Ұлан» БЖҰ қалалық комитетінің шығармашылық тобы мен қала мектептерінің аға-тәлімгерлері мен педагог-ұйымдастырушылары «Crazy Dance», «Креатив», «Гармония», «Ярые бананы» топтарында жұмыс атқарды.
Көшбасшылар мектебінің ақырғы үшінші күнінде қатысушыларға қызықтарға толы Квест-ойыны ұсынылды, мұнда балаларға әртүрлі қиыншылықтардан сүрінбей өтуге арналған тапсырмалар дайындалды, және де «Dance Battle» атты би сайысы ұйымдастырылды. Және қатысушылар «Точь в точь» атты бағдарламға өздерінің дайындаған өз шығармашылық тапсырмаларын көрсетті. Көшбасшылар Мектебі салтанатты сертификаттар табыстау рәсімімен аяқталды.