Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті
Өскемен қаласында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «төзімділік шегі» атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон «эстафетасы» аясында 2018 жылдың 4 сәуір күні Балалар шығармашылық сарайында «Сыбайлас жемқорлыққа заңнаманы және азаматтық қызметшілердің мінез-құлық әдеп нормаларын сақтау білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың шарты ретінде» атты семинар –кеңес өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі басқармасының басшысы Р. Б. Набиев, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Білім беру бөлімі басшысының м.а. Д.К. Ибраимова семинар кеңесте сөз сөйлеп, білім беру ұйымдары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және түсіндіру бойынша дербес жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтты.
Семинарда білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың күшейтілу мәселелері қаралды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.