Қарағанды қаласына туристикалық сапар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Д. Назарбаеваның 12 сәуір 2016 жылғы №20-53/И-187 тапсырмасын орындау мақсатында Өскемен қ. әкімдігінің «№13 орта мектебі» КММ 7 сынып оқушыларына арналған Қарағанды қаласына туристикалық бағдар жасалды.
Сапар барысында мектеп оқушылары Қарағанды қаласының тарихи, мәдени, есте қаларлық және ойын-сауық орындарына барды.
Рухани-адамгершілік құндылықтар ретіндегі, өз Отанына деген мақтаныш сезімінің дамуы, жоғары мәдениеттіліктің қалыптасуы, Қазақстанның тарихи құндылықтарын сезіну ретіндегі азаматтықтық пен отансүйгіштікті дамыту мақсатында:
ü КарЛАГ – өлім лагеріне, саяси репрессиялардың зардап шегушілерін еске алу мұражайына,
ü Тәуелсіздік Стелласы – Тәуелсіздік алаңындағы монументке,
ü Жеңіс Саябағына, оның басты көрікті жері болып оның жүрегінде орналасқан Даңқ ротондасына. Өлім құшқан жауынгерлер құрметіне мемориал салынған және мәңгілік алау жануда.
ü «Чернобыльдық АЭС апатын жоюшылар», «Шахтерлар даңқы», «Қарағандыны сүйемін», «Күн деп аталатын жұлдыз» монументтері, «Где, где? - В Караганде!» деген нақыл сөзге қойылған жер бетіндегі бірінші ескерткіш.
Мектеп оқушыларын ескерткіштердің алыптығы, саябақтардың рәсімделуі, түнгі қаланың әсем жарқырауы, Қарағанды қаласының қонақжай әрі ақ көңіл тұрғындары таңдандырды.
Қарағанды – шахтерлар қаласы, сондықтан жерасты шахта-мұражайына баруды жөн көрдік. «Қарағандыны шахтерлар қаласы ретінде бүкіл ел білгенін қалаймын», - деп, Геннадий Ивченко біздің топты қарсы алды, ол тау-индустриалдық колледжінің директоры. Г. Ивченко шахтерлардың қиын да маңызды жұмысы туралы баяндады, кейін Өскеменнен келген қонақтар үшін тәжірибелі шахтер Владимир Лендоға экскурсия өткізуін өтінді.
Әулие Дева Мария Фатимскаяның Соборына бару қыздарға ерекше және салтанатты сәулет стилімен танысуға мүмкіндік берді. Собор Қарағандының нағыз көрікті жері – Орта Азиядағы ең үлкен собор. Мектеп оқушылары органдық музыканы есту мүмкіндігіне ие болды.
Есте қаларлық керемет саяхат балаларға қатты әсер етті. Олар ата-аналарына зор қуанышпен, мақтанышпен өздерінің сапарлары туралы баяндады, көрген көрікті жерлері туралы, көп нәрсені білгендері туралы айтты.
Ата-аналар балаларының еліміздің мәдени және тарихи мұрасына жақындауларына мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді.