Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ашық есік күні

Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ жаңадан келген оқушылар мен 1-сыныптың ата-аналары үшін ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне арналған бағдарламада барлығы қамтылды - мектептің акт залындағы кездесу мен қойылымдар, кабинеттерге, спорт залдарына, асхана мен кітапханаға саяхат, жаңартылған білім беруді енгізу бойынша шеберлік сыныптар. Барлық жерде қонақтарды мектеп қызметкерлері мен педагогтары және оқушылар күтіп алды. Робототехника кабинетінде 6 сыныптың оқушылары роботтармен және жаңа бағдарламамен жұмыс істей білетіндерін көрсетті, кітапхана меңгерушісі жұмыстың әртүрлі түрлерін айтып өтті, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері мектептің спорт залындағы құралдарды тәжірибе жүзінде қолдануды көрсетті.    

Ата-аналар іс-шараның жүйелі түрде ұйымдастырылғанын, оқушылар мен педагогтардың ашық және шығармашылдығын айтып, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатысуға тілек білдірді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында оқушылардың ата-аналарының құттықтаулары ретінде мектеп іші ұлттық мейрам нақышында әдемі және шынайы безендірілді.