Ағылшын тілі мұғалімдерінің отырысы
Педагог қызметінің мониторингі екі бағытта жүргізіледі: білім беру процесі және әдістемелік жұмыс. Педагогтің қызметі әдістемелік қамтамасыз етусіз, яғни кәсіби қызметтің түрлі жақтарын жарақтандыратын және оларды тиімді іске асыруға ықпал ететін әртүрлі әдістемелік құралдарсыз ойға қонымды емес.
Авторлық бағдарламаларды жасауға және әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету, КЭК-ке материалдар дайындау мақсатында 2019 жылдың 8 қаңтарында Өскемен қаласы әкімдігінің "№10 мектеп-гимназиясы" базасында ағылшын тілі мұғалімдерінің шығармашылық тобының " Ағылшын тілі пәні бойынша авторлық бағдарламаларды әзірлеу, әдістемелік өнімдерді жасау және ресімдеу ерекшеліктері"тақырыбы бойынша отырысы өтті.
Білім бөлімінің әдіскері Н. Т.Капчикова құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушыларды отырыстың мақсаты мен бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сауалнама жүргізді.
№10 мектеп – гимназия директорының орынбасары Г. А. Мельникова ағылшын тілі пәнінде авторлық жұмыс бағдарламасын жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы баяндама жасады. КЭК бағалау критерийлерімен, жұмыс іс-тәжірибесімен Заки Ахметов атындағы № 16 мектептің ағылшын тілі мұғалімі А. Б. Баймухурова бөлісті.
Іс-шараны ШҚМТУ профессоры Е. А. Колос жалғастырды. Ол білім сапасын арттыру үшін ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын интерактивті әдістер туралы айтты. Мұғалімдер топтарда белсенді жұмыс жасап, шет тілін оқытудың өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шара нәтижелі және қызықты өтті.