«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша азаматтық –патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие жұмысы жайлы онлайн режимінде өткен қалалық вебинар
2021 жылдың 24 ақпанында Өскемен қаласының білім бөлімінің ҚӘК-нің әдіскері Ж.К Женабаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Тәрбие және білім» бағыты бойынша азаматтық –патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие жұмысы жайлы онлайн режимінде қалалық вебинар өтті.
Вебинар барысында қала мектептерінен 30 жас тәрбие жұмысы меңгерушілері қатысты. Вебинар барысында қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиенің негізгі мақсат-мүдделерімен, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру туралы және тәрбие жұмысының түрлері, бағалау критерийлері, іске асыру механизмдері жайлы ақпарат берілді.
Аталмыш бағыт бойынша ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Зәки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Киззатуллина Алуа Сейлхановна мектептегі офлайн, онлайн режимінде өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы, мектептің азаматтық-патриоттық тәрбие жұмысының жетістіктері жайлы іс-тәжірибесімен бөлісті.
«№30 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Мухамедиева Мақпал Турлыхановна ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 1-11 сынып оқушыларына арналған патриоттық тәрбие бойынша сынып сағаттарының бағдарламасымен таныстырып өтті. Мектепте «Құстарға көмектесеміз» экологиялық-орнитологиялық жобасын іске асыру шеңберінде күн сайын қыстайтын құстарды астық қоспасымен тамақтандыру кестесі жасалып, іске асырылуда. Мектеп аумағында құстарға арналған 20 астау ілінген. Мұндай акцияның басты мақсаты экологиялық және рухани-адамгершілік тәрбие беру және оқушыларды қалалық орнитологиялық акцияға тарту болып табылатыны жайлы айтып, өз іс-тәжірибесін ортаға салды.
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 негізгі орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құрманғалиева Айжан Қайраткелдыновна мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие беруде инновациялық жобалардың нәтижелігі жайлы, соның ішінде балалар халықтар достығы Ассамблеясын құру тәжірибесімен бөлісті.
Вебинар қорытындысы бойынша оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтуде оқу пәндерінің мазмұнына құндылықтарды кіріктіре отырып, "Ерлік сабақтарын" ұйымдастыру және өткізу арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру бойынша ұсыныстар берілді.