Білім бөлімінде басшылық жанындағы кеңес өтті
2021 жылғы 23 сәуірде білім бөлімінде онлайн режимде Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өтті. Модератор, білім бөлімі басшысының м.а. Сауле Алагузова жиналыстың күн тәртібімен таныстырды.
Қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.Нурпеисова жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру мақсатында мектепішілік бақылаудың әлеуетін пайдалану туралы айтып берді. Айбарша Зейноллановна жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша білім сапасын жақсарту мәселелеріне баса назар аударды.
Әдіскер Н.Капчикова қала мектептерінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Нургуль Тлеубековна қала мектептерінде цифрландыруды жүзеге асыру бойынша жұмыс қанағаттанарлық жүріп жатқанын, бірақ "Күнделік" электрондық журналын сапалы толтыруға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
Қорытынды шығару кезінде кеңес модераторы Сауле Бауржановна оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру бойынша жұмыс қажеттілігі туралы айтты.