«Qabilet» қызметі іске қосылды
Шығыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президент Қорының «Елбасы медалі», «Мың Бала» ұлттық олимпиадасы жобалары сәтті жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап «Qabilet» қызметі іске қосылды.
Қабілеттерді диагностикалау мен анықтау «Дарын» өңірлік орталығы базасында және Елбасы Академиясының «Qabilet» платформасында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Qabilet» қызметінің платформасында 10-11 жастағы 3000-ға жуық бала тестілеуден өтті.
2021 жылы 15 қазанда Тұңғыш Президент қорының директоры Дариға Назарбаева мен облыс әкімі Даниал Ахметов Шығыс Қазақстано блысының «Qabilet» қызметінің жұмысымен танысты.
Кездесу барысында «Ел үміті» бастамасы аясында ауыл балаларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазымен, «Елбасы медалінің» қола медаль иегерлерімен кездесу өткізілді. Балалар өнер, еріктілік, экология, WEB және ойын дизайны саласындағы жобалардағы сәттілік тарихымен бөлісті.
Қатысушылармен әңгімелесе отырып, Дариға Нұрсұлтанқызы балалардың таланттары мен қабілеттері болашақта сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.
Кездесу соңында «Елбасы Медалінің» қола медаль иегерлері кездесудің құрметті азаматтарының қолынан марапаттарын алды.