Психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу. «Кіші Академия» жобасы аясында 11 - сынып түлектерімен қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының тактикасы мен тәсілдері
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері А.Д.Нугумарованың басшылығымен 2021 жылғы 3, 4 қарашада «Кіші Академия» жобасы шеңберінде «Алтын Белгі» белгісін алуға үміткер 11 - сынып түлектері арасында «Ресурс экспресс», «Үміт, сенім бізді табысқа жетелейді» тренинг элементтері бар сабақтар ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп бітірушілерді стресспен және эмоционалды күйзеліспен күресу тәсілдерімен таныстыру. Коммуникативті құзыреттілікті, эмоционалды тұрақтылықты дамыту, өзін-өзі бағалауды, өзіне деген сенімділікті арттыру.
«Ресурс экспресс», «Үміт, сенім бізді табысқа жетелейді» тренингі элементтері бар сабақтарды өткізу барысында қала мектептерінің педагог - психологтары: А.Е. Гущина (Бриг ж/м мектебі), А.Ә.Пазылова. (№ 47 жббм), А.А. Ларионова (№ 12 мектеп - гимназиясы), Ж.Е. Нұрбекова (№ 48 жббм) жасөспірімдердің ішкі әлемін ашуға, басқа адамдарға және өзіне деген қызығушылықты оятуға, стресс пен эмоционалды стрессті жеңудің, ішкі ресурстарды іздеудің әдістері жасауға көмек көрсетілді.
Тренинг элементтері бар сабақтар жоғары деңгейде өтті, балалар ұсынылған тапсырмалар мен жаттығуларды қызығушылықпен орындады.