Кеңейтілген әдістемелік кеңес өтті
2022 жылдың 16 наурыз күні сағат 10.00-де онлайн форматта ШҚО «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес кеңейтілген әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес жұмысына директордың оқу ісі және дарынды балалармен жұмыс істейтін орынбасарлары қатысты.
Әдістемелік кеңестің тақырыбы «2021-2022 оқу жылынды 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадсының мектеп, қалалық кезеңінің қорытындысы».
Әдістемелік кеңесті қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.З. Нурпеисова бастап, отырыс барысымен таныстырды. Дарынды балалармен жұмыс әдіскері Д.Т.Айкенева республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысына жан-жақты талдау жасады. Ол өз сөзінде пәндік олимпиадада жоғары және төмен нәтиже көрсеткен мектептерді атап өтті.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың аса маңызды бағыттарын атап, неге көңіл бөлу керек екендігі айтылды. Одан әрі мектептің дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасарлары - №11 мектеп-лицейінің директордың м.а. Е.А.Королева және О.Бөкей атындағы № 44 лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.О.Кемешева мектептің ғылыми қоғамның зияткерлік олимпиадаға дайындық тәжірибесімен бөлісті.
Әдістемелік кенестің қорытындысы бойынша білім ұйымның ғылыми қоғамдарына дарынды балалармен жұмысты күшейту және әдістемелік камтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.