Педагогтың рефлексивті қабілетін арттырудағы кәсіби және жеке тұлғалық өсуіне мониторинг жүргізудің рөлі
2022 жылдың 30 наурызында «Педагогтың рефлексивті қабілетін арттырудағы кәсіби және жеке тұлғалық өсуіне мониторинг жүргізудің рөлі» атты қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысына Өскемен қаласының 53 мектебінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен математика, информатика, физика мұғалімдерінің мектеп әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты.
ҚӘК меңгерушісі А.З.Нурпеисова өз сөзінде мониторингтік зерттеулер жүргізу өзектілігінің негізгі факторларына назар аударды.
Семинар спикері «№ 42 орта мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.А.Габдрасуллина мектептің әдістемелік қызметінің моделімен педагогтің рефлексивті қабілетін арттырудағы кәсіби және тұлғалық өсуіне мониторинг жүргізудің рөлі туралы таныстырды. Жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп әдістемелік комиссиясының жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі Н.Н. Моисеева ЖМБ мұғалімдерінің тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жоспарымен, сондай-ақ педагогтардың кәсіби өсу картасымен таныстырды.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушылар сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді.