«Қауіпсіз балалық шақ» қалалық ата-аналар форумында мамандардың секциялық отырыстары
Білім бөлімі «№17 орта мектебі» КММ базасында Қазақстандағы балалар жылына орайластырылған «Қауіпсіз балалық шақ» ата - аналар форумын өткізді. Ата - аналар форумы барысында қоғамға, ата-аналар мен балаларға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Форумды өткізу барысында ата - аналар мен кәмелетке толмағандарға арналған балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарының өзекті тақырыптары бойынша буклеттер көрмесі ұйымдастырылды және іс-шара аяқталғаннан кейін ұсынымдары бар жадынамалар таратылды.
Оқушылар шығармашылық сарайының әлеуметтік - психологиялық қызметінің мамандары мектеп педагогтарымен бірлесіп секциялық отырыстар өткізді. Отырыс барысында Интернет - қауіпсіздік (Д.А.Резван), буллинг және кибербуллинг (Г.Е.Беккалиева), жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу (Е.Б.Гутова, Г.А.Нурхатова), отбасылық өзара қарым - қатынастар (әлеуметтік педагогтар Н.Б.Орумбасарова, А.П.Малонуха), буллинг проблемалары (Ж. Ж.Ахтанова, И.Н.Антипина, А.С.Чечулина), психикалық денсаулық (Д. Т.Тоқтамыс, А.А.Челнокова).
Секция жұмысына 80-нен астам ата - ана қатысты. Олар практикалық жаттығуларға қатысып, қарастырылған тақырыптар бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Ата - аналар форумды өткізудің өзектілігін, мазмұнды, секциялық отырыстарда алынған ақпараттың қолжетімділігін атап өтті. Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық өзекті және сұранысқа ие болуда.
Бірлескен кездесулер, кеңестер, тәжірибе алмасу, тәрбиенің күрделі сұрақтарына жауап іздеу - бұл біздің ата - анамызды қызықтыруы тиіс нәрсе. Мен мұндай ата - аналардың одан да көп болғанын қалаймын. Өйткені, мектеп ата -аналар көмегіне мұқтаж.