Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қош бол, балабақша!» музыкалық ертеңгілік

Оқу жылы да аяқталды. Дәстүр бойынша № 8 «Мирас» балабақша-бөбекжайында мектепалды даярлық топтарында «Қош бол, балабақша!» музыкалық ертеңгілігі өтті. Бұл күн әрі қуанышты, әрі көңілсіз күн: балабақшамен қоштасу және мектеп алдындағы қобалжу сәті.

Әдемі киінген есейген балабақша түлектері безендірілген залға ду қол шапалақтаумен кірді. Іс-шара барысында балалар балабақшада болған жылдары алған білімдері мен біліктіліктерін көрсетті, көп ән айтып, өлең оқып, билерімен қуантты. Түлектерді құттықтауға кіші топ балалары да келді. Олар мектепте тәртіпті болуға, тек жақсы баға алуды тіледі. Балалар мен ата-аналар тәрбиешілерге, әкімшілікке және бүкіл балабақша ұжымына алғыс білдірді. Мерекенің соңында аспанға шарларын ұшырды.

Балабақшамен қоштасу кеші жарқын, есте қаларлықтай болды. Түлектер, біз сендерге сәттілік тілейміз! Ақ жол, қымбатты түлектер!