Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Ынтымақтастық туралы Меморандум

Заманауи білім берудің ашықтығы әртүрлі әлеуметтік топтарды біріктіруді және оларды серіктес ретінде білім беруді дамытуға тартуды қамтиды. Бүгінгі таңда әлеуметтік серіктестік барлық серіктестер үшін ортақ басым перспективаны  және бірлескен қызметті үйлестірудің орындылығын ескере отырып, тиімді және сәтті әрекет етуге мүмкіндік береді.
ШҚО әкімдігі Білім басқармасының «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК мен ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Колледж директоры Курманов Фархад Саканович және Ахмер мектебінің директоры Капжапаров Асқар Зейнелқабденұлы алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, орындалатын бірқатар серіктестік қатынастар туралы айтты.
Алдағы уақытта  білім беру орындары  білім мен тәрбие саласында бірлесе қызмет атқарып, бір-біріне қолдау көрсететін болады. Меморандум  арқылы мектеп түлектерінің  аталған колледжге  грантқа  түсулеріне зор мүмкіндік туындайтындығы сөзсіз.