Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Математикалық сауаттылыққа арналған ББЖМ тестінің спецификациясы. Есептер шығару»

2023 жылдың 25 қаңтарында Өскемен қаласының білім бөлімі «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» КММ базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық сауаттылыққа арналған ББЖМ тестінің спецификациясы. Есептер шығару» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: ББЖМ-ға дайындық бойынша тәжірибе алмасу, математикалық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды талдау.  Семинарға 48 қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты.
Өскемен қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі  Нұрпейісова А.З. 9-сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындық талаптарымен таныстырды.
Семинар жоспарына сәйкес № 43 мектеп-лицейі оқу ісі меңгерушісі Калимолдина Г.К. мектепте атқарылып жатқан істерімен таныстырды. "Математикалық сауаттылық тестінің сипаттамасы» математика пәні мұғалімдері Мусина Ю.Н. (№ 34 мл), Рамазанова Г.С. мен Раханова Т.К. (№ 43 мл) іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысқан қала мектептерінің ұстаздары   семинарды жоғары бағалап, ой-пікірлерімен бөлісті