Официальный сайт
Отдел образования
г.Усть-Каменогорск

«Өмірдің өзі ерлік тәрізді» тақырыпта қалалық білім саласының ардагерлер Кеңесі мүшелерімен шығармашылық кездесуі

«Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитетінің бастамасымен 2018 жылдың 12 сәуірінде «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК «Мәңгілік Ел» оқыту-тәрбиелеу орталығында «Өмірдің өзі ерлік тәрізді» тақырыбында қалалық білім беру саласы ардагерлер Кеңесінің мүшелерімен шығармашылық кездесу өткізілді.

Аталған шараның өткізілу мақсаты жасөспірімдерді отансүйгіштік сезіміне, аға ұрпаққа құрметпен қарауға, Отанға деген сүйіспеншілікке және оның өткен кезеңіне деген мақтаныш сезімін баулу болып табылады.

Педагогикалық еңбектің ардагерлері Воловенко Тамара Леонидовна, Шакенова Мадера Жолдаспекқызы, Быстрянцева Тамара Владиславовна, Қонақова Назигүл Мағадиқызы -  кездесудің құрметті қонақтары болды. 

Балалар кездесуге арнайы музыкалық номерлер, «Әуенді тап» ойын бағдарламасын дайындап, педагогтардан сұхбат алынды.  

        Шығармашылық кездесуде домбырамен «Адай» күйі ойналды, гитарамен «Мы желаем счастья Вам!», «Мир Вашему дому!» әндері орындалып, аға ұрпаққа деген, еңбекке деген құрмет және Қазақстанға деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқылды.

Жасұландықтардың  ардагерлермен жүргізген осы  жылы, қайырымды кездесуінде ұрпақ ұштастығы, кездесу қонақтарының тағдарына деген қызығушылық сезіліп тұрды. Ардагердердің естеліктері ешкімді немқұрайлы қалдырмады.

Кездесуді ұйымдастырушылардың  ойынша, аға ұрпақтың Отан игілігіне деген өмірі өскелең ұрпаққа үлгі болуға лайықты, осы заманғы күрделі өмірде өскелең ұрпаққа нағыз  бағдар бола алады.

Қазіргі уақытта, жас ұрпақ үшін адамгершілік тәрбие, әсіресеотансүйгіштікке тәрбиелеу өте маңызды. Бүгінгі кездесуде бізбен бірге осындай ізгі, елгезек балалар отыр,- осы себепті де біз ертеңгі күнімізге сенім арта аламыз,- деп шығармашылық кездесу туралы өзінің жылы лебізін білдірді білім саласының ардагерлер Кеңесінің төрайымы Тамара Леонидовна Воловенко.