Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл

Мемлекеттік қызметшінің имиджі

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан Республикасы өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және саяси дамуында айқын жетiстiктерге қол жеткiздi. Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегисының ұзақ мерзiмдi басымдықтарының бiрi болып кәсiби мемлекет құру белгiленген. Бiздiң мемлекетiмiздiң алдында тұрған, жоғары кәсiби мемлекеттiк қызмет және басқарудың тиiмдi құрылымын қалыптастыру iсiнде көбiнесе мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiбилiгiне шарттастырылған. Осы сұрақтың маңызды қадамы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерiнiң оң имиджiн қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттiк қызметкердiң имиджiн қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектiлердiң қарастырады. Мемлекеттiк қызметкердiң оң имиджiн қалыптастыру — күрделi және ұзақ үрдiс. Мемлекеттiк қызметкердiң оң имиджiн қалыптастыру үрдiсi атқаруы билiктiң имидждiк саясатымен тығыз байланысқан. Мемлекеттiк қызметкердiң оң имиджiне қойылатын негiзгi қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнде белгiленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Бүкiл әлемде мемлекеттiк секторға ұдайы көңiл аударылады, ол қоғам өмiрiнiң назарында. Бiрақ, шешушi фигуралардың бiрi — мемлекеттiк қызметшi — қоғам алдында кәсiбилiгi төмен, бюрократизм, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз келбетте көрiнетiн болса, басқару құрылымын нығайту, жетiлдiру, мемлекеттiк қызмет саласындағы реформалар жетiстiктi болмайды. Қазақстанның Президентi Н.Назарбаев мемлекетке басшылық ету үшiн қажет, мемлекеттiк қызметшiге тән негiзгi қасиеттердi атап көрсеттi. Бұл — жоғары моральды жауапкершiлiк, кәсiби бiлiмiн тәжiрибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттiлiк, белсендi өмiрлiк ұстаным. Мемлекеттiк қызметтегi әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезiне отырып өз елiнiң патриоты болуы тиiс.

Парақтар өзгертілді: 02-03-2018