Медициналық қызмет көрсету және мектептің тамақтандыруды ұйымдастыруы
44 жалпы білім беретін мектептің, соның ішінде 4 ауыл мектебінің 42 мектебінде ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған, бұл 97,7% құрайды.
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ново-Троицкое орта мектебі» КММ қажетті технологиялық және тоңазытқыш құралдармен жабдықталған үлгілік асханасы бар, ауыз судың болмауына байланысты ыстық тамақтандыру ұйымдастырылмаған. «№ 46 орта мектебі» КММ ғимаратын енгізу 2015 жылдың желтоқсан айына жоспарланған, оқушылар құрамы уақытша № 26 және № 44 мектептерге орналастырылған.
Оқушылардың 99,8% ыстық тамақпен қамтылған. Тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 «Күнкөрісі төмен отбасылары қатарынан шыққан әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген қаражатты жұмсау Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жаппай оқыту қорының қаражаты есебінен 4243 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған (оқушылардың жеке санаттары – жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, күнкөрісі төмен отбасыларының балалары, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар -ПДТ).
2015 жылы жаппай оқыту қорынан тегін тамақтандыруға 111415 мың теңге бөлінген, бір оқушыға күніне бір жолғы ыстық тамаққа 214 теңге.
2015 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында 1-4 сынып оқушыларына сүт пен бал бер үшін жергілікті бюджеттен 107.517,0 мың теңге бөлінген. 13050 бастауыш сынып оқушыларына 0,2л жеке қаптамада аптасына үш рет сүт және 10 грамм бал беріледі.
Мектеп асханалары санитариялық–эпидемиологиялық ахуал саласындағы мемлекеттік органмен келісілген 10-12 күнге бекітілген перспективалық ас мәзірі бойынша жұмыс жасайды. Барлық асханалардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары бар.
Медициналық қызметкерлер тамақтандыру сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізеді, кей кезде мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитеттерінің өкілдері де тексереді. Сатып алынатын азық-түліктің сапасына, ас әзірлеу технологиясына, тоңазытқыш және технологиялық жабдықтардың дұрыс қызмет атқаруына, азық-түлік пен дайын астарды сақтау мерзімі мен шарттарына мониторинг жүргізіліп тұрады.
Мектепте тамақтану сапасы мониторингісін ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық сарапшы топ құру туралы бұйрық | *.pdf 61 KB |