Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балалар құқығын қорғау, қамқорлық және қорғаншылық орган секторы

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органында бүгінгі күні 450 бала алынған, оның ішінде патронаттық тәрбиеде -12 бала, 438-қорғаншылыққа алынған, оның 150 жетім балалар, 300-әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балалар.

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органы 2012 жылғы 30 наурыздағы ата-анасының қамқорынсыз қалған балаға (баларға) және жетім баланы (жетім балаларды) асырап алуға қамқоршыға немесе қорғаншыға жәрдемақы төлеу көлемі және тағайындау ережелеріне сәйкес, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап төленетін жәрдемақы көлемі әр бір балаға 21210 теңгені құрайды. Білім беру бөлімі ай сайын ағымдағы айдың 15 – ші күнінен кешіктірмей, қамқоршының дербес шотына ақша қаражаттарын аударып отырады. Ата – анасының қамқорынсыз қалған баланы асырауға берілетін жәрдемақыны жұмсауды бақылау қамқоршылық қорғаншылық органдарымен жылына екі рет жазбаша түрде есебі беріледі.

Патронаттық тәрбиеге берілген баланы (балаларды) асырауға бөлінетінақша қаражаттарының көлемі және төлемді жүзеге асыру Ережелеріне негіздеп, Өскемен қаласының білім беру бөлімінің 2012 жылдың 30 наурызынан бастап № 381патронаттық тәрбиелеушілерге 21210 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады және төленеді, балалар саны 12.
Бүгінгі күні қамқоршылық және қорғаншылық органының есебінде қамқорлықта 450 бала бар, соның ішінде 404 балаға жәрдемақы төленеді. Қорғаншылықтағы 46 бала жәрдемақы алмайды. Оның ішінен біреуі-Ресейде алады, 45 баланың қамқоршысы жәрдемақыдан бас тартқан, себебі бұл балалардың ата-аналары мүмкіншіліктері бола тұра, өз еріктерімен балаларын қамқоршылыққа берген.

 

kn «Жастар арасында нашақорлықты алдын алу» тақырыбына онлайн дәріс өтті  
kn Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402
*.doc 101 KB

 

Парақтар өзгертілді: 28-09-2020