Өміршеңдікпен қамтамасыз ету, болжамдау және жоспарлау секторы
Жоспарлау, болжау және білім беру ұйымдарының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету секторы мамандарының жұмысына жалпы басқаруды жүзеге асырады. Сектордың жұмыс жоспарын жасайды және атқарған жұмысы туралы есеп тапсырады. Алдағы үш жылдық кезеңге білім беру бюджетінің жобасын әзірлейді. Заңнамаға енгізілген нақтылаулар мен өзгертулерді, бағдарламалық құжаттарды, инфляция бойынша шығындарды индекстеуді және үш жылдық кезеңге коммуналдық шығындар тарифтерінің өсуін ескере отырып, толық қажеттілік бойынша әзірленген бюджеттік өтінімдерді жинау және қарастыру. Бюджетті жұмсау лимиттерін ведомствоға қарасты ұйымдарға жеткізу. «Парус Бюджет»электрондықбағдарламасымен жұмыс жасау. Өскемен қаласының білім беру бюджетін қаржыландырудың Жиынтық жоспарын қалыптастырады. Мәслихаттың шешімі және ведомствоға қарасты ұйымдардың өтінімдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгертулер мен толықтырулар енгізеді. Қаржыландыру жоспары мен бюджеттің орындалуын, ақшалай қаражаттың дұрыс жұмсалуын және бюджеттік қаражаттың мақсатты орындалуын бақылайды. Еңбекақы төлеу қорының, белгіленген лауазымдық айлықтардың дұрыс жұмсалуын, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің қатаң сақталуын, білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдері мен штаттық кестелерінің жасалуын бақылайды. Білім беру бөлімінің және ведомствоға қарасты ұйымдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруға қатысады. Бақылау хаттардың, әкімдік қаулыларының, әкімнің хаттамалық тапсырмаларының, азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерінің уақытында және сапалы қаралуын қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған және ведомствоға қарасты ұйымдармен білім беру бюджетін жоспарлау мәселелері бойынша іскерлік қатынас жүргізеді.