Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жеке білім беру

Қазақстан Республикасының Заңнамасы, балалардың құқықтары туралы негіз болатын халықаралық құжаттарға сәйкес дамуы шектелген тұлғаларды оқытуға тең құқықтық ұстанымы қарастырылған. Үйде оқыту денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беретін мекемеде отыра алмайтын балаларға есептелген. Қызметті ұсынуға арыз, үйде оқытуға кепілдемемен дәрігерлік кеңестік комиссия анықтамасы, психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің қорытындысы негіз болады.
Оқу жылының басында барлық білім беру ұйымдарына 2016 жылы бекітілген төлқұжат, регламент және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ұсынылған. Барлық білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қазақ және орыс тілдеріндегі Типтік оқу жоспарлары бар. Ай сайын айдың 1 күні білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметті көрсету талдауы жүргізіледі.


1 кесте. Мемлекеттік қызмет көрсету талдауы

Көрсетілген қызмет саны/оның ішінде жақсы бағасына

Қыркүйек 2016

Қазан  2016

Қараша 2016

Желтоқсан 2016

Қаңтар 2017

Ақпан 2017

114

17

17

14

14

 

Осылайша, ай сайын үйде оқытылатын балалар санының тұрақты өсуі байқалады. Іс номенклатурасына сәйкес оқытуға келмейтін, үйде білім алатын мүгедек балаларды есепке алу кітабы ай сайын толып отырады, оған үйде білім беруді ұйымдастыру туралы бұйрықтары, сонымен қатар психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес анықтамалары қосылады. Мәліметтер базасы қалыптасады
«№ 26 орта мектебі» КММ ең көп оқушы үйде оқытылады – 12 бала, ол оқушылардың жалпы контингетінің 1,4% құрайды. Қаланың 7 мектебінде аталған оқушылар санаты жоқ: № 24 орта мектебі, № 29 орта мектебі, № 34 мектеп-лицейі, № 38 орта мектебі, К.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі, Ахмер орта мектебі, Ново-Троицкий орта мектебі.
Өскемен қаласында жыл сайын барлық санаттар бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалар санының артуы байқалады.


2 кесте. Санаттар бойынша МШ балалардың салыстырмалы сипаттамасы

 

ДМШ барлық балалар

Нашар еститін

Нашар көретін

ТҚА бұзушылығымен

Тіл мүкістігі бар

ПДТбалалар

Ақыл ой қабілеті тежелген балалар

Эмоциялық-жігер аясы бұзушылығымен

2015 жыл

3598

76

473

292

773

1390

520

74

2016 жыл

4363

96

539

317

956

1774

543

138

Қаңтар  2017 жыл

4388

98

553

318

924

1792

558

145

2016-2017 оқу жылында түзете-дамыта оқыту және тәрбиелеумен 2161 бала қамтылды.  Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 1105 бала арнайы түзету білім беру ұйымдарында тәрбиеленеді және оқытылады, жалпы білім беру мектептері жанында ашылған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы 10 сыныптарда (бұл мектептер № 5, 8, 9, 19, 20, 22, 26, 37, 42, инт.им. Крупской) 482 оқушы білім алады. Қосымша арнайы түзету мектеп кешен балабақшаларда 71 оқушы және мектепке дейінгі жастағы 623 бала білім алады.

Парақтар өзгертілді: 13-03-2017