Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы хабарландыру!
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы негізінде «Өскемен қаласы білім беру бөлімі» ММ білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің құрылуы туралы хабарлайды.
Осыған байланысты білім беру мекемесінің білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту үшін қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау мен сіздердің ұсыныстарыңыз қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының, коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер өкілдері шақырылады.
Құрметті ата-аналар! Сіздердің қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстарыңызды күтеміз! («Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» қоса беріліп отыр).
Ұсыныстарыңыз 01.02..2018 ж. дейін қабылданады.
Мына мекенжай телефонына хабарлассаңыздар болады.
Қабылдау бөлімі - 8 (7232) 268973