Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Туған күніңмен, туған қалам Өскемен!

2017 жылдың 9 қыркүйек күні Өскемен қаласының үш саябағында қала күніне арналған мерекелік шаралар өткізілді.

Астанада «Экспо-2017» бүкіл әлемдік көрмесінің жабылу қарсаңында Өскемен қаласы 297-ші туған күнін атап өтті. Қала күні – кәрі де, жас та қатысатын  дәстүрлі түрде өтетін қаланың жарқын мерекелерінің бірі.

«Нұрлы жол» саябағында «Менің сүйікті қалам» атты флэш-моб,  № 24 балалар өнер мектебі мен «Гармония» ҚБО-ның ең дарынды оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама, балаларға арналған қозғалмалы ойындар өткізілді.

Жастар саябағында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мерекелік калейдоскоп» концерттік-ойындық бағдарлама өтті. Сондай-ақ асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

«Металлург» саябағында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» және «№ 15» балалар өнер мектебінің оқушылары мен педагогтары «Сүйем сені, менің Өскеменім!» атты концерттік-ойындық бағдарлама өткізді.

Өнерпаздар өздерінің әсерлі билері және әсем әндерімен көрермендерге нағыз мереке сыйлады.