Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Тілдер шеруі»

Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілдер шеруі» атты оқушылар арасында өткен қалалық мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы

2017 жылдың 27 қыркүйегінде «№ 37 орта мектебі» КММ-нде Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілдер шеруі» атты оқушылар арасында қалалық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Қалалық байқауға қала мектептерінің 7 сыныбынан 36 оқушы  қатысты. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен өз өлеңдерін оқып берді. Оқушылардың жоғары дәрежеде дайындықпен  келгендері  анық  байқалды.

Байқау қорытындысы бойынша 3 оқушы – І орынға, 5 оқушы – ІІ орынға, 8 оқушы – ІІІ орынға, 6 оқушы – аталымға, 10 оқушы – сертификатқа ие болды.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ және «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

Оқушылар бағалы сыйлықтар және мадақтамалармен марапатталды.