«Үштілділік – уақыт талабы, заман сұранысы»
2017 жылдың 27 қыркүйегінде Өскемен қаласының әкімдігінің «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ қала мектептерінің орыс және аралас мектептерінің орыс, ағылшын тілі мұғалімдерімен «Үштілділік – уақыт талабы, заман сұранысы» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге «Өскемен қаласы білім беру бөлімі» ММ, орыс тілі және әдебиет пәні бойынша әдіскер Жондыбаева Мадина Серикболовна қатысты.
Бұл дөңгелек үстелде мұғалімдер үштілділікті білім берудің қазіргі таңда алатын орны мен өзектілігіне басым тоқталып, өз мектептерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өз ойларын ортаға салып, оқушылар үшін ұйымдастырылып отырған әр түрлі шаралар өте құнды екендігін атап өтті.