Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел
Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектебі» КММ 12.10.2017 жылы. «Жаңартылған білім беру...» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: ҚББ әдіскері З.С.Скакова мен № 29 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Н.Зейнолдина.
Дөңгелек үстелге 140 мұғалім қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Өскемен қаласы педагогикалық шеберлік орталығыфилиалының тренерлері С.А.Ислямова, Д.Б.Жиенбаева, Д.Н.Муратбек «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында ой бөлісіп, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.
№ 29 орта мектебінің мұғалімдері Г.Н.Зейнолдина, К.С. Мамалакова, № 32орта мектебінің мұғалімі А.М.Каженова, № 2 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі Б.Б.Баянбаев, М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебінің мұғалімі Р.Н.Керимова дөңгелек үстел тақырыбына байланысты іс-тәжірибелерімен бөлісті.