Семинар «Физика сабақтарында қалыптастырушылық бағалау стратегиясын қолдану»
2017 жылдың 25 қазанында Өскемен қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ базасында Өскемен қаласы мектептерінің физика мұғалімдері үшін «Физика сабақтарында қалыптастырушылық бағалау стратегиясын қолдану» семинары өтті. Физика мұғалімдері Н.М. Блинованың, И.М. Горлованың басшылығымен семинарға қатысушылар жиынтық және қалыптастырушылық бағалау, қалыптастырушылық бағалаудың стратегиялары және критерилері, қалыптастырушылық бағалау процесінің мониторингі, оқушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланысты ұйымдастыру тақырыптары бойынша теориялық материалдардыңкезең кезеңімен жұмыс істеді. Практикалық тапсымаларды орындауда алынған ақпаратты қолдандық: «қалыптастырушылық» және «жиынтық» бағалау ұғымдары үшін «Венна диаграммасын»құрдық,«Болашаққа қадам» стратегиясы бойынша бағалаудың дәстүрлі жүйесінен жағару жүйесіне өту әдістерін қарастырдық, қалыптастырушылық бағалаудың техникасын қолдана отырып сабақты қайта жобаладық, оқушылар үшін шешілген тапсырманың қорытындысы бойынша кері байланысты жоспарладық.
Семинар барысында жиынтық бағалау техникасын қолданумен ашық сабақтарды өткізу, физика бойынша ЖБЖ дайындайтын физика мұғалімдерінің шығармашылық тобын құру бойынша шешім қабылданған болатын.
Көрсету кезінде сұрақ-жауап нәтижесі бойынша қатысушылар өздерінің алғыстарын білдірді және қолданылған материалдың тиімділігі мен маңыздылығын, іс-шараның жоғары деңгейдеұйымдастырылғандығын атап өтті