Кіші Академия
Күзгі демалыс кезінде 2017 жылғы қарашаның 1-3 аралығында Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша «Кіші Академия» сабағы ұйымдастырылды. Оның мақсаты қала мектептеріндегі 11-сыныптың «Алтын белгі» белгісіне үміткер және үздік түлектерді жаңа үлгідегі ҰБТ-ға дайындау. Сабақ № 3, 12 мектептерде өтті.
Қала мектептерінің үздік мұғалімдері міндетті пәндерден математикалық сауаттылыққа талдау тапсырмасы және Қазақстан тарихынан оқу сауаттылығы бойынша оқытатын сынып-шеберлігін жүргізді. Оқушылар математика, физика, дүниежүзі тарихы және т.б. бейінді пәндер бойынша тест тапсырмаларының ерекшелігімен танысты.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі И.А. Ибатаева (№ 3мектеп лицейі) және Ш.А. Масалова (№ 47 орта мектебі), орыс тілі пәнінің мұғалімі Н.А. Нех (№ 36 орта мектебі), математикадан А.А. Новикова (№ 2 жалпы білім беретін мектебі), С.А. Бикенова (№ 16 орта мектебі), И.М. Дорморост № 11 мектеп лицейі) және Б.Б. Бейғанова (№ 20 орта мектебі), Қазақстан тарихынан А.С. Симбинова (№ 5 орта мектебі) және А.М. Мұхамедиянова (№ 3 мектеп лицейі), физикадан А.А. Мұртазалива (№ 43 мектеп лицейі) және А.А. Плеслова (№ 38 гимназиясы), географиядан А.А. Усикова (№ 38 гим.) және К.А. Абзелеева (№ 20 орта мект.), химия пәнінің мұғалімі Г.К. Мекеева (№ 1 орта мект.), ағылшын тілінен Р.Ж. Мұхаметрахимова (№ 44 лицейі), дүниежүзі тарихынан К.А. Атахан (№ 1 орта мект.) және И.В. Тормашова (№ 17 орта мект.), әдебиеттен М.М. Абдрахманова (№ 1 орта мект.) және Н.А. Воевода (№ 37 орта мектебі) сынды мұғалімдердің сабақтары қызықты өтті.
Қала мектептерінің үздік психологтары О.В. Пустовет (№ 2 жалпы білім беретін мект.), М.Н. Серикбаева (№ 20 орта мект.), А.В. Рябичева (№ 29 орта мект.), Т.Е. Калиякперова (№ 32 орта мект.) түлектермен психологиялық тренингтер жүргізді.