Пән мұғалімдерінің қорытынды аттестацияға дайындық бойынша кеңесі
2017 жылдың 2 қараша күні Өскемен қаласының білім беру бөлімінің жоспары бойынша «№ 17 орта мектебі» КММ негізінде 11 сыныпқа беретін пән мұғалімдерінің «11 сынып түлектерінің сынама тестілеуін талдау: мәселелер және шешу жолдары» тақырыбы бойынша кеңесі өткізілді. Кеңеске қала мектептерінің 200-ден астам пән мұғалімдері қатысты. ҚӘК ақпараттық-сараптау бөлімінің жетекшісі А.З. Нүрпеисова 2017-2018 оқу жылының 1-тоқсандағы 11-сыныптардың сынама тестілеу қорытындысы бойынша мәліметті алға тартып сөз сөйледі. ҰБТ пәні бойынша жақсы нәтиже көрсеткен қала мектептері атап өтіліп, мәселелер мен шешу жолдары көрсетілді.
Кеңес жұмысы 8 пән секцияларында жалғасын тапты. Қаланың үздік мұғалімдері ҰБТ-ға дайындық бойынша тәжірибе алмасуда шеберлік сыныбын жүргізіп, ҰБТ пәні бойынша тест тапсырмаларының ерекшелігімен танысты, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы, логикалық сипаттағы тапсырмалар іріктелді.
Математика пәні мұғалімдері М.Н. Завезенова (№ 11 мектеп лицейі), Л.К. Ақтанова (№ 42 орта мект.), физика пәні мұғалімі Г.И. Нарбинова (№ 42 орта мект.), қазақ тілі мұғалімі К. Ахметова (№1 орта мект.), орыс тілі мұғалімі И.Ю. Акулова (№17 орта мект.), тарих пәні мұғалімдері Н.Г. Слатина (№ 15 орта мект.), А.Д. Жаралқапова (№ 32 орта мект.), сондай-ақ биология пәні мұғалімдері Е.Н. Назарова (№ 37 орта мект.), Ж.К. Боранбаева (№ 20 орта мект.), география пәні мұғалімдері Г.С. Ибраева (№ 1 орта мект.), Е.П. Куимова (№ 26 орта мект.), химия пәні мұғалімдері Закариянова (№ 47 орта мект.), Т.Н. Москвичева (№ 39 орта мект.) сынды мұғалімдердің үздік тәжірибесі белгілі болды. Мұғалімдер электронды материалдармен бөлісті.
Семинар жоғары бағаланып, қала мұғалімдерімен осындай шаралар өткізу жалғасын тапса деген тілектер болды.