Балалар әдебиетінің жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» кітабы бойынша кітапқұмар оқырмандар конференциясы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ 26 қазан күні 2017 жылы балалар әдебиетінің жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» кітабы бойынша 5 сынып оқушыларына арналған кітапқұмар оқырмандар конференциясы болып өтті.
Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Үш тілде өз ойларын еркін жеткізуге баулу.
Конференцияға қаланың қазақша, орысша, аралас тілде оқитын 18 мектептен 23 оқушы келіп қатысты. Конференция өте тартымды өтті. Оқушылар берілген сауалдарға өз ойларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ашып, көркем түрде жеткізе білді. Қатысқан оқушылар қалалық білім беру бөлімінің сертификаттармен марапатталды.