Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Көшбасшының топта жұмыс жасау технологиясы» тақырыбында өткен Көшбасшы мектебі

2018 жылдың 18 қаңтарында Оқушылар шығармашылық сарайының көрермендер залында «Көшбасшының топта жұмыс жасау технологиясы» тақырыбында Көшбасшы мектебі өтті.

Көшбасшы мектебінің басты мақсаты – балалардың топта жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, бір бірнің сөзіне құлақ салып, көмектесуге ынталандыру. Топтағы жеке тиімділігін жоғарылату,  бірігіп жұмыс жасау арқылы, үлкен нәтижелерге және маңызды мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Бағдарламада топтың әрбір мүшесінің көзқарасына құлақ салып, белгілі бір мақсатқа жету үшін әртүрлі жұмыс түрлері қолданылады: ойындар, жаттығулар, пікірталастар, тренингтер. Көшбасшы мектебінің әр қатысушының өзіндік қабілеттерін дамыту мақсатында, топпен, жұптасып, және жеке жұмыс істеу формалары ұсынылды.

Қатысушылар саны –  61 адам.