«Педагогикалық идеялар фестивалі» атты республикалық байқаудың қорытындысы
Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы басшылар мен мұғалімдердің жаңашыл тәжірибелерін, кәсіби біліктіліктері мен шығармашыл шеберліктерін оқыту және тарату мақсатында 13-14 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Алтын-Қарғалы» демалыс орнында, «Педагогикалық идеялар фестивалі» атты республикалық байқау өткізді.
Фестивальге республика аумағынан барлығы 293 адам қатысса, соның ішінде Өскемен қаласынан 4 адам № 9, 10, 44, техниктер станциясынан қатысты.
Фестиваль төмендегі бағыттар бойынша өтілді:
1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың оқу ісі жніндегі орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс істейтін аймақ әдіскерлері) - қатысушылар Л.А.Фоминых, Н.А.Садыкова;
2) «Мұғалім шеберлігі әртүрлі сабақтарда…» (пән мұғалімдері):
(жаратылыс-ғылыми, физика-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар);
3) «Толқынды шығармашылық» (музыка, бастауыш мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары,);
4)«Сабақ аяқталғаннан соң...» (сынып жетекшілері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары) – қатысушы А.В.Смирнов.
5)«Психологиялық қалта» (психологтар, логопедтер, әлеументтік педагогтар)- қатысушы О.И. Белан.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дипломымен, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының мадақтамаларымен марапатталды.
3 дәрежелі дипломмен:
1.Садыкова Нуржамал Ануарбековна-Өскемен қаласы әкімдігінің «О.Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ-нің ТЭЖ жөніндегі директордың орынбасары;
«Дарын» РҒПО мадақтамасымен:
1.Фоминых Лидия Александровна- Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ-нің ТЭЖ жөніндегі директордың орынбасары;
2.Белан Оксана Ивановна- Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 9 орта мектебі» КММ-нің психологі;
3. Смирнов Артём Валерьевич- Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас техниктер станциясы» КМҚП-ның педагогі.
Республикалық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!