Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

X республикатық  «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі

3 ақпан 2018 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ-нің жоспары бойынша «Білім инновация» лицейінде 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен  X республикатық  «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.

Өскемен қаласының 37 білім беру ұйымдарынан 157 оқушы қатысып, оның 51-і қалалық кезеңнің жүлдегері атанды. 

 «Әнші-бұлбұлдар» кезеңінен жүлделі орынға ие болғандар: «№ 37 орта мектебі» КММ-нен Турсынбаева Адэля, «№ 42 орта мектебі» КММ-нен Лоскутов Владислав;

 «Сөз шеберлері» кезеңінен жүлделі орынды жеңіп алғандар: «Ш.Құдайбердиев атындағы № 1 орта мектебі» КММ-нен Қалиякпарова Нұрым,  «№ 33 орта мектебі» КММ-нен Саидова Нигина; 

 «Тілші-әдебиетшілер» кезеңі бойынша «Ш.Құдайбердиев атындағы № 1 орта мектебі» КММ-нен Торғазыева Дильназ,  «Меновной орта мектебі» КММ-нен Пестерева Полина;

 «Жас ғалымдар» кезеңінен жүлделі орынға ие болғандар:  «А.Байтұрсынов  атындағы № 20 орта мектебі» КММ-нен Тоғысова Тұмар,  «Ахмер орта мектебі» КММ-нен Хавкунов Кирилл;

 «Жазушылар» кезеңі бойынша «№ 42 орта мектебі» КММ-нен Қайратова Камила,  «№ 38 ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназиясы»

КММ-нен Мамедова Солмаз. 

Барлық педагогтар мен жеңімпаздарды құттықтай отырып, қала командасы олимпиаданың қорытынды кезеңінде де жеңіс тұғырынан көрінулеріне сәттілік тілейміз!