Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

2017-2018 оқу жылының 5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық кешенді олимпиадасын өткізу туралы Ереже

1.     Жалпы ережелер.

Осы Ереже 5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық кешенді олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауды белгілейді. 

Олимпиада дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту жүйелерін жетілдіру және инновациялық дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, қаланың олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатында өтеді.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

-  оқушылардың зияткерлік олимпиадаларға қатысуын  жандандыру;

-  оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану;

-  терең білімі мен шығармашылық қабілеті бар дарынды балаларды анықтау және марапаттау.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

2.    Олимпиадаға қатысушылар

Олимпиада қатысушылары Өскемен қаласының білім беру ұйымдарының 5-6 сынып оқушылары болып табылады.

3.    Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиада математика, биология, жаратылыстану пәндері бойынша өтеді.

Олимпиадаға қатысу үшін әрбір білім беру ұйымдарынан оқыту тіліне қарамастан құрамында 4 оқушы болатын бір команда (5 сынып – әр пәнге: математика, жаратылыстану 1 адамнан 2 оқушы; 6 сынып – әр пәнге: математика, биология 1 адамнан 2 оқушы) және 1 жетекші шақырылады.

Олимпиаданы өткізу пункттерін «Зияткер» дарынды балалармен жұмыс жөніндегі қалалық орталығы анықтайды. 

Олимпиадаға қатысу үшін өтінімді «Зияткер» дарынды балалармен жұмыс жөніндегі қалалық орталығына Excel форматындағы электронды түрінде Aikeneva@goroo.ukg.kz мекенжайына келесі үлгіде жіберу қажет:

 

Олимпиадаға қатысуға өтінім 

Қатысушының
т. а. (толық)
мектебі сыныбы пән оқу тілі мұғалімніңт.а.ә. (толық) топ жетекшісі-нің ТАӘ, байл.тел
- - - - - - -  

4.    Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

Олимпиаданың нәтижесі бойынша оқыту тіліне байланысты 6 жүлделі орын белгіленеді: әр пән бойынша бірінші-1, екінші-2, үшінші-3 орындар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталады. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

5.    Қаржыландыру

Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапарлық шығындары (барып-қайту жолы) жіберуші жақтың есебінен төленеді.